Accessibility links

Медеу аудандық соты тәуелсіз газеттерге қатысты өз шешімін өзгертті


Бүгін бірқатар тәуелсіз басылымдардың шағым-арызын қараған Медеу аудандық сотының судьясы Дана Махметова осының алдындағы өз анықтамасының күшін жойды, деп хабарлайды Азаттық тілшісі сот залынан.

Ал шағым-арызды беруші Тимур Құлыбаевтың тарабы енді 10 күннің ішінде бүгінгі шығарылған шешімге қайта шағымдануға құқылы.

Ақпанның 1-күні Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың арыз-шағымын қараған судья Дана Махметова БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың Тимур Құлыбаевқа қатысты әшкерелеуші құжаттары бар екендігі туралы тараған ақпараттар шындыққа жанаспайды деп танып, «Тимур Құлыбаевтың ар-намысына нұқсан келтіретін БАҚ өнімдері мен қағазда және электронды тәсілмен ақпаратты тасушы болып табылатын кез-келген өнімді тұтқынға алу туралы» анықтама шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG