Accessibility links

НАТО басшысы Януковичті сайлаудағы жеңісімен құттықтады


НАТО-ның бас хатшысы Андрес Фог Расмуссен бүгін Виктор Януковичті Украина президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Расмуссен НАТО мен Украина әріптестігі бұдан әрі дами беретіндігіне сенім білдірді.

Бұған дейін Янукович Украинаның НАТО-ға кіру-кірмеу мәселесі жалпыұлттық референдумда шешіледі деп мәлімдеген болатын.

Бейсенбі күні украиналық Аймақтар партиясы басшысын сайлаудағы жеңіспен ЕуроОдақ басшылары, АҚШ президенті Барак Обама және Грузия президенті Михаил Саакашвили құттықтады.

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша, Янукович екінші турдағы қарсыласы – Украина премьер-министрі Юлия Тимошенконы шамамен үш жарым пайыз дауыс артықшылығымен жеңді.
XS
SM
MD
LG