Таиланд астанасында заңсыз қару жарақ тасыды деген күдікпен ұсталып, бірнеше апта қамауда болған қазақстандық ұшқыштар елге оралды. Бірақ олар ұшақтан түсе сала, әуежай алаңынан үкіметтік нөмірі бар көлік алып кеткен. Бұл туралы ҚазТАГ агентігіне ұшқыштардың туыстары хабарлаған.
Қазақстандық 4 ұшқышқа қатысты Бангкок соты қозғаған қылмыстық іс тоқтатылып, жұма күні олар еліне депортацияланады деп хабарланған.
Алматы әуежайына сенбіге қараған түні келіп қонған ұшақты күтіп алуға бірқатар БАҚ өклідері барған болатын.
ИЛ-76 жүк ұшағының экипажы желтоқсанның 12-де Таиландқа қонған кезде ұсталып, олардың ұшағынан 35 тонна жарылғыш заттар мен қару-жарақ табылған. Ұшқыштар өздерінің мұнай өңдеу жұмыстарына қажетті заттар тасып бара жатырмыз деген құжаты бар екенін айтқан.