Accessibility links

Карзай елдегі операциядан халық құрбан болмау керек деді


Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдің оңтүстігіндегі талибандарға қарсы кең көлемді операцияға қатысушыларды жергілікті халық арасында шығын келтірмеуге шақырды. Карзай сонымен қатар талибан жасақтарын қаруларын тастауға шақырды.

Хельманд провинциясының Маржа қаласындағы Маштарак операциясы дари тілінде бірге дегенді білдіреді. НАТО мен ауған күштері бірлесіп, мыңдаған талибан содырларына қарсы соққы беруде.

Соңғы деректерге қарағанда, Маржа қаласында бес талибан жасағы өлтірілді. Бұл жерде 400-мыңдай талибан бүлікшісі бар.

Хельманд провинциясындағы шабуыл 2001 жылы Ауғанстанға басталған соғыстан бергі жердегі ең ірі операция болып отыр.
XS
SM
MD
LG