Accessibility links

Үндістан оппозициясы Пунадағы шабуылға Пәкістанды айыптады


Үндістанның ұлттық оппозициясы елдің батысында орын алған террорлық шабуылды ұйымдастыруға Пәкістанның қатысы бар деп айыптады.

Сенбі күні Пуна қаласында болған жарылыста 9 адам қаза тауып, 57 кісі жараланған.

Үндістан оппозицияның жетекшісі Арун Джейтли ел үкіметін Пуна жарылысына қатысы бар деп есептейтін Пәкістанмен келіссөздерден бас тартуға шақырды.

25-ші ақпанда Делиде ұзақ үзілістен кейінгі Үндістан-Пәкістан бейбіт келіссөздерінің екінші сатысы өтуі керек.
XS
SM
MD
LG