Accessibility links

Клинтон тағы да Иранды саясатын қайта қарауға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Иранның ядролық саладағы іс-әрекетін «қауіпті» деп атап, Теһранды осы саясатын қайта қарауға шақырды.

Қатарда «АҚШ – Ислам әлемі» форумында сөз сөйлеген Клинтон иранның қазіргі қадамы – атап айтқанда, уранды байытуын жалғастыруы - әлемдік қауымдастықты Теһранға қарсы жаңа санкциялар енгізуге мәжбүрлейді деп атап көрсетті.

Қатардан кейін Клинтон Сауд Арабиясына барады. Парсы шығанағындағы мемлекеттерге сапарының мақсаты – Иранға қарсы санкциялар енгізуде ислам әлемінің қолдауына ие болу.
XS
SM
MD
LG