Accessibility links

Батыс Ирандағы адам құқына алаңдайды


Дүйсенбі күні бірнеше Батыс елінің өкілдері Ирандағы әсіресе өткен жылғы даулы президент сайлауынан кейінгі адам құқының ахуалына алаңдайтындарын мәлімдеді. Женевада БҰҰ-ның адамның құқы бойынша кеңесі Ирандағы адам құқының ахуалын талқылай бастады. Адамның құқы бойынша кеңес 2006 жылы құрылды.

АҚШ-тың өкілі билікке қарсы наразылық ереуілдерінің күштеп басылуын сынға алды және ресми Теһран сайлаудан кейінгі ашық сот процестерін тоқтатуға, журналистер мен блоггерлерді қудалауды доғаруға тиіс деп атап көрсетті.

Иран делегациясының жетекшісі Мохаммад Джавад Лариджани елдегі адам құқының ахуалын қорғап, Иран адамның құқын қорғауға шынайы және түпкілікті түрде қарайды длеп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG