Accessibility links

Қырғызстанда азаптау жүйеге айналды


Қырғызстанның Бас прокурары парламенттің отырысында елдің құқық қорғау мекемелері қылмыстық істерді тергеу барысында азаптау әдістерін қолданатынын ашық мойындады.

Бас прокурор Нұрлан Тұрсынқұлов құқық қорғау мекемелеріндегі осындай азаптау жайттарымен күресетінін мәлімдеді. Оның мәліметі бойынша, қылмыстық істерді тергеу барысында азаптау жайттары жыл сайын өсе түскен.

Прокуратураның дерегіне сәйкес, 2009 жылы азаптау жайттары бойынша 32 қылмыстық іс қозғалған болса, 2 жыл бұрын ғана 20 іс қозғалған көрінеді.

Алайда жергілікті адамның құқын қорғаушылардың мәліметі бойынша, азаптау жайттары одан әлдеқайда көп. Адамның құқын қорғаушы Толекан Исмаилованың мәлімдеуінше, Қырғызстанның әрбір азаматы әйтеуір бір азаптауға тап болды. Өйткені, азаматтарды заңсыз ұстау немесе азаптап жауап алу – мемлекет тарапынан жүйелі іске айналды.
XS
SM
MD
LG