Украинаның жаңа президенті Виктор Януковичтің инаугурациясы ақпанның 25 күні өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні аймақтар партиясының төраға орынбасары Анна Герман мәлімдеді.
Оның сөзінше, Виктор Янукович, президенттікке үміткер болған, ірі кәсіпкер әрі банкир Сергей Тигипкоға үкіметті басқаруды ұсынбақ. Тигипко сайлаудың алғашқы кезеңінде үшінші орынды иеленген болатын.
Сайлаудың екінші кезеңінде Януковичтен қалып қалған қазіргі премьер-министр Юлия Тимошенко өзінің жеңілісін мойындаудан бас тартып, сайлаудың қортындысын сот арқылы дауламақ ниетте.