Accessibility links

АҚШ бес жылдан кейін Сирияға елші жіберді


АҚШ президенті Барак Обама Дамаскідегі американдық дипломатиялық қызметті Роберт Форд басқаратындығын жариялады.

Вашингтон 2005 жылы Ливан премьер-министрі Рафик Харири өлтірілгеннен кейін Сириядағы елшісін кері қайтарып алды.

Саясаткердің өліміне Сирияның қатысы болуы мүмкін деген күдік айтылды, бірақ Дамаск бұл айыптауларды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG