Accessibility links

Канадада қаза тапқан грузин спортшысының денесі еліне жеткізілді


Канадада қысқы Олимпиада ойындарында қаза тапқан грузин спортшысының денесі еліне жеткізілді. 21 жастағы Нодар Кумариташвили өткен жұма күні шана спорты бойынша жаттығу кезінде қайтыс болған еді.

Ол өзінің туған қаласы Бакурианиде сенбі күні жерленеді деп күтілуде. Сейсенбі күні түнде Тбилиси әуежайына Кумариташвилидің табыты жеткізілгенде мыңға жуық адам, оның ішінде Православ шіркеуінің өкілдері мен спортшылар жиналды.
XS
SM
MD
LG