Сербия Косовоның мәртебесіне байланысты жаңа келіссөздер өткізуді көздейтінін айтып отыр.
Халықаралық әділет соты алдағы айларда БҰҰ-ның Бас ассамблеясына Косовоның тәуелсіздік жариялауының заңдылығына байланысты өз баяндамасын ұсынады деп күтілуде. Сербия сыртқы істер министрі Вук Еремич "Данас" басылымына берген сұхбатында халықаралық соттың шешімінен кейін Сербия қолынан келгенше Косовоның мәртебесіне байланысты жаңа диалог өткізуді қарастыратын болады деп атап көрсетті.
Бүгін Косово тәуелсіздігінің екі жылдығын атап өтуде. Оны 65 ел, оның ішінде АҚШ пен ЕуроОдақ елдері мойындады бірақ Сербия мен Ресей және Қытай Косовоның тәуелсіздігін мойындамағандықтан Приштина БҰҰ-ның мүшесі бола алмай отыр.