Accessibility links

Беларусь полициясы 30-ға жуық поляк белсендісін ұстады


Тыйым салынған этникалық поляк тобының 30-ға жуық мүшесі Беларусте тұтқындалды. Қауіпсіздік қызметтері бүгін Воложин қаласында Поляктар одағы белсенділерінің көліктерін тоқтатқан. Одақ басшысы Анжелика Бористің айтуынша, шамамен 30 белсенді полиция бекеттеріне жеткізілген. Олар Польша мәдени орталығына қатысты сот тыңдауларына бара жатқан болатын. Дүйсенбі күні 40-қа жуық белсенді ұсталып, кейбіреулеріне айыппұл салынды.

Этникалық поляктар Беларусь еліндегі 10 миллион халықтың шамамен 5 пайызын құрайды. Воложиндегі полиция бұл оқиғаға пікір білдіруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG