Accessibility links

Холбрук Орталық Азияның 5 еліне сапармен барады


АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Орта Азияның барлық бес еліне сапарымен барады.

Вашингтоннан департамент өкілі Марк Тонер хабарлағандай, Ричард Холбрук қазір Ауғанстанда АҚШ және ауғандық ресмилермен кеңестер өткізіп жатыр, одан кейін Пәкістанға барады. Исламабадтан соң Холбрук Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерін аралайды.

АҚШ департаменті өкілінің сөзіне қарағанда, бұл АҚШ президенті Барак Обаманың жетекшілігімен аймаққа өкіл болып тағайындалған Холбруктың бұрынғы совет елдеріне алғашқы сапары болмақ. Орта Азиядан кейін Холбрук Грузияға, Германияға бармақшы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG