Accessibility links

Нидерландыда Ауғанстанға қатысты дау үкіметтің тарауына әкелді


Нидерландының коалициялық үкіметі тарады. Оған Ауғанстандағы жасақтардың бұл елде қалуын ұзарту керек пе деген мәселеде екі ірі партия арасында дау туғаны себеп болды.

Премьер-министр Ян Петер Балкененденің айтуынша, бұл 16 сағатқа созылған келіссөздерден кейін, парламенттегі орны бойынша екінші тұрған Еңбек партиясы коалициядан шығып, үкіметтің қабілетін жоғалтты.

Жұмадан сенбіге қараған түні Христиан-демократиялық одағы мен Еңбек партиясы осыған дейін жоспарланғандай 2010 жылы Ауғанстаннан нидерландық күштерді қайтарып алу керек пе, жоқ бұл елде қалу мерзімін созу керек пе деген мәселеде бір мәмілеге келе алмаған. Еңбек партиясы ел әскерінің Ауғанстанда қала бергеніне қарсы шыққан.
XS
SM
MD
LG