Accessibility links

Холбрук: Қазақстан өз ресурсын дұрыс пайдаланса көп жетістіктерге жетеді


АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі Ричард Холбрук Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын дұрыс пайдаланатын болса, өркендеген елге айналып, үлкен жетістіктерге жете алады деді.

Холбруктың пікірінше, Қазақстан өз ресурстарын дұрыс қолдана білсе, бүкіл әлем үшін маңызы үлкен ел болады. Бұл табиғи ресурстар Қазақстанды алдағы бірнеше жылда дамыған, өркендеген елдер қатарына жеткізуге көместеседі деген ол бұл пікірін Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесуден кейін журналистерге берген сұқбатында айтты.
XS
SM
MD
LG