Accessibility links

Тәжік соты тәуелсіз газеттерге қатысты тыңдауларды бастады


Бүгін Тәжікстан соты ар-ожданға нұқсан келтірді деген күдікпен үш бірдей тәуелсіздік басылымына қарсы сот тыңдауларын бастады. Халықаралық құқық қорғаушы топтар бұл Душанбенің парламенттік сайлау алдында баспасөз еркіндігін тұншықтыру әрекеті деп отыр.

Тәжік соты үш судьяның берген шағымы бойынша "Азия Плюс", "Фараж" және "Зоздаган" газеттерінен моралдық шығын ретінде 1,3 млн доллар өндіріп алуды қарастырып жатыр. Бұл басылымдарда жарияланаған мақалаларда үш судьяны әділетсіз үкім шығарды деп сынаған.

Соттың сейсенбі күнгі отырысы алдын-ала тыңдаулар болды. Хабарларға қарағанда, сот шешімі арқылы аталған тәуелсіз газеттер жабылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG