Accessibility links

Грекияда шеру басталып, қоғамдық қызметтер тоқтады


Грекияда жалпыұлттық шеру басталды. Елде рейстер мен қоғамдық қызметтер тоқтатылып, министрліктер мен мектептер жабылды.

24 сағаттық шерулер үкіметтің қаржы дағдарысымен күрес іс-шараларына наразылық ретінде ұйымдастырылып отыр. Үкімет енгізіп отырған шараларға сәйкес, мемлекеттік саладағы жалақылар тоқтатылып, салық деңгейі өсіріледі, адамдардың зейнетке шығу жасы 61-ден 63-ке көтеріледі. Үкіметтің айтуынша, бұл іс-шаралар елдің қарыздары мен бюджеттік дефицитін бақылауға алу үшін қажет.

Грекияның экономикалық проблемалары соңғы апталарда Еуропадағы ортақ валюта еуроның құлдырауына себеп болды.
XS
SM
MD
LG