Accessibility links

Түркияда екі бұрынғы генералға төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылды


Түркия соты 2003 жылы елде төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен тағы екі жоғары шенді әскериге айып тақты.
Жергілікті баспасөздің жазуынша, олар отставкадағы генералдар Түркияның Армиясын басқарған Четин Доган мен арнайы күштерді басқарған Энгин Алан исламшыл үкіметті құлатуды жоспарлаған астыртын әрекетке қатысы болды деп қамауға алынған. Олар Түркияда қамауға алынған 33 генералдың ішіндегі ықпалды болғандары.

Түркия үкіметін құлатып, төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен жоғары шенді әскерилердің қамауға алынуы елдің дәстүрлі армиясы мен исламшыл биліктің арасындағы текетіресті күшейтті. Сарапшылар бұл жағдайлар елдің экономикасына кері салдарын тигізуі мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG