Accessibility links

Назарбаев Әблязов үшін кепілдік берген достарынан жауап күтеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Астанада өткен кәсіпкерлер кеңесінің отырысында, қазір шетелде қуғында жүрген Мұхтар Әблязов түрмеде отырғанда оған рахымшылық жасауды сұрап, кепілдік бергені үшін «Астана групп» компаниясының төрағасы Нұрлан Смағұлов жауап береді деген.

Президент Назарбаев Смағұловқа осыған дейін сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Әблязов қамауда отырғанда, оған рахымшылық жасауды өтініп, енді ол елге қызмет етеді деп кепілдік бергендер арасында сен де болдың дей келе, Әблязовты қолдап хат жазғандардың аты-жөндерін атамай-ақ қояйын, бірақ сендер ол үшін жауап бересіңдер деген.

БТА банкінің бұрынғы төрағасы, қазір шетелде қашып жүрген Мұхтар Әблязов Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың сыбайластық істерін әшкерелейтін бірнеше деректерін Қазақстанның құзырлы орындарына жолдаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG