Accessibility links

Цунами толқындары Ресейдің Тынық мұхиты жағалауына жетті


Чилидегі қуатты жерсілкінісінен кейін көтерілген цунами толқындары Ресейдің Тынық мұхиты жағалауына келіп жетті.
Алайда Ресейдің ресмилері адам аз тұратын бұл аймаққа цунами аз ғана зардаптар әкелді деді.

Камчатка жарты аралында цунами толқындары 80 сантиметрге дейін көтерілсе, Солтүстік Курил аралдарында толқын 2 метр биіктікке дейін жетті. Бірақ Тынық мұхиты жағалауындағы елдерге қарсы қауіп сейіліп, цунами дабылы алынды. Аймаққа аса үлкен зардаптар әкелмеді.
XS
SM
MD
LG