Accessibility links

Қазақстан кәсіпкерлері тікелей президентке шағымдана алатын болады


10 наурыздан бастап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың интернеттегі ресми парақшасында "Бизнесті президенттік қорғау" деп аталатын арнайы бөлім ашылады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Вебсайттағы бұл бөлім арқылы Қазақстан кәсіпкерлері олардың бизнесіне қатысты құқық қорғау органдарының заңбұзушылықтары туралы тікелей мемлекет басшысына хабарласа алады делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, президент вебсайтына түскен шағым-арыздар бойынша президент әкімшілігінің арнайы бақылауы астында ресми тексерулер жүргізілетін болады.
XS
SM
MD
LG