Accessibility links

Наурыз банктің бұрынғы басшысы Оразалы Ержанов Мәскеуде ұсталды


Жойылған Наурыз банктің бұрынғы басқарма төрағасы Оразалы Ержанов Мәскеуде қолға түсті деп хабарлады қаржы полициясының ресми өкілі.

Мұрат Жұманбайдың хабарлауынша, Ержанов «1 наурызда тұтқындалды, қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр».

Оразалы Ержанов 3 млрд теңгені талан-таражға салды, ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды деп айыпталды. Бес жыл бұрын оған халықаралық іздеу жарияланған.
XS
SM
MD
LG