Адамның құқы бойынша Еуропаның Страсбургтегі соты ресейлік «ЮКОС» мұнай компаниясы акционерлерінің Ресей үкіметіне қарсы шағымын қарауға кірісті. Азаттық Радиосы тілшісінің мәліметі бойынша, акционерлердің мүддесін Пирс Гарднер бастаған британдық адвокаттардың тобы қорғайды.
«ЮКОС»-тың акционерлері Ресей үкіметін мұнай компаниясын саяси мүддемен күйретті деп айыптап, Страсбург сотының 50 жылдық тарихында болып көрмеген сома - 98 млрд. доллар мөлшерінде өтемақы төлеуді талап етеді.
«ЮКОС» компаниясының бұрынғы иесі Михаил Ходорковский «салық төлемеді» және «алаяқтық жасады» деген айыптар бойынша 8 жылға сотталып, түрмеде жазасын өтеуде.