Accessibility links

Ирақ: сайлау алдында қастандықтар үндей түсті


Парламент сайлауының қарсаңында алдын-ала дауыс беру басталған Ирақ астанасы – Бағдадта бейсенбі күні болған қастандық жарылыстан кем дегенде 5 кісі қаза тапты.

Қастандық Бағдадтың солтүстік-батысындағы Хуррия ауданындағы жарылыс дауыс беру кеңсесі маңында болды. Одан кем дегенде тағы 10 адам жараланды.

Көтерілісшілер сайлауға бөгет жасау үшін дауыс берілетін күнге қарай қастандық әрекеттерін үдете түседі деп күтілуде.

Сайлау комиссиясының хабарлауынша, 800 мыңдай адам, негізінен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері алдын-ала дауыс беруге тиіс.
XS
SM
MD
LG