Адамның құқын қорғайтын Еуропаның Страсбуртегі сотында жойылған «ЮКОС» мұнай компаниясының адвокаты Ресей үкіметі компанияны қасақана жоюға ұмтылды деп мәлімдеді.
Бүгін Страсбург соты «ЮКОС» компаниясы акционерлерінің Ресей үкіметінен 98 млрд. доллар өтемақы өндіріп беру туралы шағымын қарай бастады.
Кезінде Кремль «ЮКОС» компаниясының иелерін «салық төлеуден жалтарды», «алаяқтық жасады» деп айыптап, сот арқылы компанияның барлық активін тартып алды, ал компания басшылары Михаил Ходорковский мен Платон Лебедевті 8 жыл түрмеге жапты. 2006 «ЮКОС»-ты банкрот деп жариялады.
Страсбург сотында Ресей үкіметінің адвокаты сот компанияның емес, адамдардың ғана істерін қарап, істі жабуға тиіс деп мәлімдеді.
Бұл - «ЮКОС» компаниясы мен Ресей үкіметі адвокаттарының халықаралық сотта алғаш рет бетпе-бет кездесу болды.