Accessibility links

Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнының жұмысшылары ереуілге шықты


«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру акционерлік қоғамының құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жұмысшылары наурыздың 4-інен бастап толық құрамда жұмысқа шығудан бас тартып отыр деп хабарлады жұма күні кәсіпорын жұмысшылары Азаттық тілшісіне.

Жұмысшылар белсенділерінің бірі Жак Аминовтың айтуынша, олардың наразылығына филиалдың жаңа басшысы Бағытқали Бисекеннің мұнайшылар жалақысына өзгеріс енгізілетіні туралы ақпанның 23-інде таратқан алдын-ала ескертуі себеп болған.

Мұнайшылар жалақыдан бұрынан сақталып келе жатқан аймақтық және үстеме коэфициенттердің алынбауын талап етуде. Аталған филиалдың УОС-5 мекемесінің 31 жұмысшысы егер талаптары орындалмаса өздерінің аштық жариялайтындарын айтып, қалалық әкімшілікке арыз жолдаған.

Бірнеше мың адам жұмыс істейтін өндіріс қазір уақытша тоқтап тұр. Кәсіпорын әкімшілігінің байланыс телефондары жауап бермейді.
XS
SM
MD
LG