Accessibility links

АҚШ өкілі Израиль мен Палестина жетекшілерімен кездеседі


АҚШ-тың арнайы өкілі Джордж Митчель Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздерді қайта бастауға көмектесу үшін Израиль және Палестина жетекшілерімен келіссөздер өткізбекші.

Бұл аймаққа сенбі күні барған Митчель жексенбіде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняхумен, дүйсенбі күні Палестина президенті Махмуд Аббаспен кездеседі. Ресмилердің айтуынша, Митчель сенбі күні Израиль қорғаныс министрі Эхуд Баракпен кездесті.

Сонымен қосы, бұл аймаққа осы аптада АҚШ вице-президенті Джо Байден де барып, бейбіт келіссөздер процесінің жандандырмақшы.

Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөздер 2008 жылы Израилдің Газаға шабуылынан кейін тоқтап қалған.
XS
SM
MD
LG