Accessibility links

Қазақстандық боксерлер Чехиядағы халықаралық турнирге қатысады


Қазақстандық боксерлер наурыздың 9-14 аралығында Прагада (Чехия) өтетін халықаралық «Grand Prix-2010» турниріне қатысады деп қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жарыс АИБА ережелерімен, сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтеді.

Қазақстанның намысын ерлер арасында: Жандос Момынов (57 кг), Самат Бәшенов (60 кг), Данияр Елеусінов (64 кг), Манат Өмірзақов (69 кг), Данабек Сужанов (75 кг) және Жан Кособуцкий (91 кг) қорғайды.

Әйелдер арасында Қазақстан атынан Жайна Шекербекова (51 кг) мен Марина Вольнова (75 кг) бақ сынайды.
XS
SM
MD
LG