Accessibility links

Украина коалиция құруды оңайлататын заң қабылдады


Бүгін Украина парламенті жаңа сайланған президент Виктор Януковичтің одақтастары жаңа үкімет жасақтауы керек делініп отырғанда, коалиция құруды тездететін заңды қабылдады. Заңға енгізілген өзгерістерді 450 орындық ассамблеяның 235-і қолдап дауыс берді.

Жаңа заң Януковичтің Аймақтар партиясына коалицияны парламенттегі фракциялардан ғана емес, жекелеген депутаттарды да қатыстыруға жол ашады.

Янукович өткен айдағы президенттік сайлауда жеңіске жетіп, бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенкодан басым түскен еді. Кейін парламент Тимошенко үкіметін таратқан.
XS
SM
MD
LG