Accessibility links

Ахмадинежад: Шетел күштерінің болуы Ауғанстан мәселесін шешпейді


Иран Ауғанстанда шетел күштерінің болуы бейбітшілік мәселесін шешеді деп есептемейді. Бұл туралы сәрсенбі күні Кабулға сапармен барған президент Махмуд Ахмадинежад мәлімдеді.

Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен өткізген келіссөзінен кейін Ахмадинежад АҚШ-ты өзі жасақтауға көмектескен лаңкестермен күресу арқылы Ауғанстанда "екіжақты ойын" ойнауда деп айыптады. Иран Ауғанстан үкіметін толық қолдап, елді қайта құруға көмектесуін одан әрі жалғастырады деп атап көрсетті Ахмадинежад.

Иран президентінің сапары алдында АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ауғанстанға үшкүндік сапарын аяқтады. Гейтс те Иранды Ауғанстанда "екіжақты ойын" ойнауда деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG