Accessibility links

Теһран: Қазақтың жас боксшылары жеңіспен оралады


Әуесқой босктан Қазақстанның жастар құрамасы 2-11 наурыз аралығында Теһранда болып өткен Азия біріншілігінде командалық есепте бірінші орынға көтерілді. Ол туралы Қазақстанның туризм және спорт министрлігінің баспасөз-хатшысы Ардақ Тоғымов хабарлады.

10 наурызда болып өткен финалдық кездесулерде 54 келі, 57, 64 және 91 келіге дейін ең ауыр салмақ дәрежелерінде Нұрбол Қалжанов, Еркін Дүйсенбаев, Мейрам Нұрсұлтанов және Дәулет Көпеншеев 4 алтын медальге ие болды.

91 келіден жоғары салмақта Дәулет Мұсабаев күміс, 60 және 69 келі салмақ дәрежелері бойынша Аслан Есенов пен Сапарбай Айдаров 2 қола жүлдені иеленді.

Нәтижесінде қазақ боксшыларының қажығасында 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль болса, Қытай мен Үндістан және Иран құрамаларының еншілеріне 2 алтын медальден, көрші Өзбекстанға 1-ақ алтын тиді.

Қазақ боксшыларының делегациясы Алматыға бейсенбі күні оралуға тиіс.
XS
SM
MD
LG