Accessibility links

Дж.Байден: бітімге келуге ең алдымен Израиль мүдделі


АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөзді кешеуілдетпеуге шақырды. Тель-Авивте сөйлеген сөзінде Байден Палестинамен арада бітімге келудің ең алдымен Израильдің мүддесіне жауап беретінін мәлімдеді.

Одан бұрын осы күні Ресей мен Түркия Израиль үкіметінің Шығыс Иерусалимнің еврей кварталдарына 1.600 жаңа тұрғын үй салу жоспарын өткір сынға алған болатын.

Араб елдері Лигасының басшысы Әмір Мұса айтқандай, Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббас өзіне жаңа қоныс салу жоспарынан кейін Израильмен арада жанама келіссөзге бармайтынын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG