Accessibility links

Қазақстанда су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты


Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігінде су тасқынынан екі бөген бұзылып, бірнеше адам қаза тапқан. Құрбан болғандардың нақты саны қазір анықталып жатыр делінген министрліктің мәлімдемесінде. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет айтылмады.

Бейсенбі күні Алматы маңайындағы аумақта үздіксіз жауған жаңбыр мен қар еруі салдарынан екі дамба бұзылған, мыңдаған адам басқа жерге көшірілген. Мнистрліктің мәліметінше, Алматының солтүстігіндегі Ақсу ауданында орналасқан су қоймасындағы бөген бұзылып, 3 мың халқы бар ауыл су астында қалған. Екінші бөгет көршілес Қаратал ауданында бұзылды. Ауылдағы 820 адам эвакуацияланды деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG