Accessibility links

Ресей күштері Дағыстанда 4 бүлікшіні өлтірген


Бүгін Ресейдің қауіпсіздік күштері Дағыстан республикасында 4 бүлікшіні өлтірді.

Атын атамаған ресми адамның Интерфакс агенттігіне айтуынша, Хасавюрт аймағындағы қақтығыста қарулы қарсылық танытқан 4 адам атып өлтірілді. Ресмилердің айтуынша, қаза тапқан үш адамның кім екені анықталған. Олар жергілікті билікке қарсы күресуші топтың мүшелері делініп отыр.

Дағыстан мен Ресейдің басқа да Солтүстік Кавказ аймағында соңғы уақытта исламшыл жауынгерлер мен қауіпсіздік күштері арасында қанды қақтығыс жиі орын алып келеді.
XS
SM
MD
LG