Accessibility links

Қандағар басшысы қанды шабуылдан кейін көбірек әскер сұрап отыр


Ауғанстандағы Қандағар провинциясының басшысы ел үкіметінің бұл жерге көбірек қауіпсіздік күштерін жібергенін қалайтынын айтты.

Аймақ басшысы Туркиякай Веса бұл тілегін провинцияда 30 адамның өмірін қиған қанды шабуылдан кейін айтып отыр. Ол жарылыстан қаза тапқандардың 10-ы тойға жиналғандар және 50 шақты кісі жарақат алған.

Бұл шабуылға жауапкершілікті талибандар алды. Қандағар өңірі талибан бүлікшілерінің мекені. НАТО бастаған күштер мен ауғандық жасақтардың келесі операциясы осы қандағарда жүргізелетін болады.
XS
SM
MD
LG