Accessibility links

Израиль Мысырмен арада бөгет орнатуды көздейді


Израиль үкіметі жексенбі күні елдің оңтүстік-батысында Мысырмен арадағы шекарада бөгет құрылысын салу жоспарын бекітті.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху шекарада «төзгісіз» жағдай талыптасты, Мысырдан Израильге заңсыз енушілер саны аптасына 200-ге жетеді деп мәлімдеді. Израиль үкіметі олардың көбі терроризмге қатысы бар деп күдіктенеді.

240 шақырымға созылатын бөгетке бақылау жүйесі орнатылады. Жоба 358 миллион доллар тұрады.
XS
SM
MD
LG