Accessibility links

Алматы облысында аза тұту күні жарияланды


Алматы облыстық маслихаты Қызылағаш ауылында су тасқыны кезінде құрбан болғандарға байланысты 15 наурызды аза тұту күні деп жариялады деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі. 11 наурызда Қызылағаш су қоймасындағы бөген бұзылып кетіп, жақын маңдағы Қызылағаш ауылын су шайып кетті, ондаған адам қаза тапты.

Ішкі істер министрлігі су тасқыны кезінде өз ісіне жауапсыз қараған деп күдіктелген бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бірнеше аймақтық ресмилер қамауға алынды деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG