Accessibility links

Алматы облысындағы су бөгетінің бұзылуы теміржолға 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірді


«Қазақстан Темір Жолы» баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысындағы Қызылағаш бөгеті бұзылуы салдарынан зардап шеккен учаскелерде теміржолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Алдын-ала есеп бойынша, теміржолға келтірілген залал 1 миллиард теңгеден (7 миллион доллар) асады деп хабарланып отыр.

Алматы теміржол бөлімшесінің Сарыөзек-Үштөбе-Матай учаскелерінде табиғат апатының салдарынан 16 құрылыс, соның ішінде 8 көпір бұзылған.

Сарыөзек-Майтөбе - Тауарасы оңтүстік бағыты, Алажиде-Егінсу-Құмкөл, Қайрақты- №47 разъезд-Күрішдаласы солтүстік бағыты елеулі зардап шекті. Айнабұлақ-Тауарасы өткелінде темір жол төсемінің 200 метр учаскесін су шайып кеткен.

"Сарөзек-Майтөбе-Тауарасы учаскесіндегі бүлінген жерлерді қалыпына келтіру мерзімі - 30 күн. Уақытша қозғалысты ашуға 5-8 күн, ал көпірді толық қалпына келтіруге 60 күн керек", - делінген баспасөз хабарламасында.
XS
SM
MD
LG