Accessibility links

Қазақстанда алғашқы керамогранит зауыты ашылды


Қазақстан президенті Оңтүстік Қазақстан облысына сапары барысында керамогранит зауытын ашты.

Итальяндық жабдықтар орнатылған зауыттың құны - 35 миллион долларға жуық, қаржының басым бөлігін - 31,8 миллион доллар соманы - несие түрінде Қазақстанның Даму банкі беріп отырса, қалған 4 миллион долларды - түрік инвесторлары салып отыр. Бейсенбі күні конвейерден алғашқы өнімнің партиясы шықты.

Қазақстан жыл сайын шетелден 40-50 миллион долларға керамогранит сатып алады екен. Зауыт басшылығының айтуынша, жаңа кәсіпорын осынау құрылыс материалымен Қазақстанды қамтамасыз ете алады. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты - 2,5 миллион шаршы метр керамогранит тақталары.
XS
SM
MD
LG