Accessibility links

Түркіменстан президенті Тәжікстанға барды


Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхаммедов бүгін Душанбеге барып, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз өткізуде. Тәжік ресмилерінің мәлімдеуінше, екі ел басшылары кемінде 7 бірлескен мәлімдемелер мен экономикалық келісімдерге қол қояды. Олар сондай-ақ ынтымақтастықты нығайту үшін соңғы бірнеше жылдың ішінде жасалған 20-дан астам келісімді қайта қарайды леп күтілуде.

Екі ел президенттері су электр станциясы мен темір жол қызметі және виза мәселелерін көтереді деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG