Accessibility links

Шығыс Қазақстандағы тасқыннан бес мыңға жуық адам көшірілді


Шығыс Қазақстан облысындағы тасқын су бірқатар елді-мекендерді басып қалды, бес мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, Тарбағатай ауданындағы 19 ауылды су басып қалу қауіпі туып тұр. Бұл ауылдардағы тұрғындар саны 19 мыңнан асады.

Қазіргі таңда тасқын судың негізгі бағыты Кесек ауылы арқылы өтіп жатыр. Елді-мекенмен көлік байланысы қиындады, ауылдағы көпірді су шайып кеткен.
XS
SM
MD
LG