Accessibility links

Кремль мен Ақ үй жаңа келісімге 8 сәуірде қол қояды


Ресей мен АҚШ стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы келісімге 8 сәуір күні Чехия астанасы - Прагада қол қояды.

Кремль мен Ақ үйдің ресми өкілдері мәлімдегендей, келісімнің негізгі тараулары келісілді. Хабарға қарағанда, келісімнің қалған жай-жапсарларын Ресей мен АҚШ президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обама таяу күндері өзара пысықтайды.

Бұрынғы келісімнің мерзімі өткен жылғы желтоқсанның басында аяқталған болатын.
XS
SM
MD
LG