Accessibility links

«Қазатомпром» вице-президенттері құпия пәтерлерде қалады


«Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қатысты жаңа қылмыстық істерді зерттеу кезінде компанияның бұрынғы екі вице-президенті «куәгерлерді қорғау бағдарламасы» аясында қала береді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте бас прокуратурдың аға көмекшісі, Жәкішев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Әкім Адай хабарлады.

Адайдың айтуынша, «Қазатомпромның» бірқатар қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мойындағандығына байланысты оларды қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылданды».

«Қазатомпром» ісіндегі екі куәгер - Дмитрий Парфенов пен Малхаз Цоцория өткен жылдың мамыр айынан бері Астанада құпия пәтерлерде тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG