Accessibility links

Өзбекстан экологтары Мәскеу-Душанбе пойызын тоқтатты


Өзбекстанның Термез қаласындағы теміржол вокзалында экологтардың наразылық акциясы ұйымдастырылып, соның барысында Мәскеу-Душанбе жолаушы пойызы тоқтатылды.

Хабарларға қарағанда, акцияға қатысушылар жолаушыларға тәжіктің алюминий зауытындағы өндірістің ұлғайтылуы қоршаған ортаға қаншалықты кері әсер ететіндігі туралы жазылған буклеттер таратты. Жарты сағаттан соң экологтар жолға қойылған кедергіні алып, жолаушы пойызының әрі қарай жылжуына мүмкіндік берді.
XS
SM
MD
LG