Accessibility links

Қытай Иран мәселесінің бейбіт жолмен шешілуін қалайды


Қытай Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі шиеленісті жағдайды бейбіт жолмен шешу бағытында жұмыс істейтінін мәлімдеді. Оның алдында АҚШ Қытай үкіметі Иранға қосымша санкция енгізу мүмкіндігі туралы келіссөз өткізуге әзір көрінеді деп мәлімдеген болатын.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Саид Жалили Қытай ресмилерімен келіссөз өткізу үшін бейсенбі күні Бейжіңге барды.
XS
SM
MD
LG