Accessibility links

Венесуэла мен Ресей бірлескен кәсіпорын құрды


Венесуэла мен Ресей Ориноко өзеніндегі мұнайды бұрғылайтын бірлескен кәсіпорын құрғандарын жариялады. Ресмилердің айтуынша, бұл жоба бойынша күн сайын 50 мың баррель мұнай шығарылмақ.

Венесуэланың мұнай жөніндегі министрі Рафаэль Рамирездің айтуынша, жаңа кәсіпорынды Венесуэланың мемлекеттік Petroleos de Venezuela компаниясы мен бес фирмадан құрылған ресейлік консорциум басқаратын болады. Жаңа кәсіпорынның 60 пайыз акциясы Венесуэла компаниясына қарасты болады.

Жұма күні Ресей премьер-министрі Владимир Путин Венесуэлаға барып, президент Уго Чавеспен келіссөз өткізеді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG