Accessibility links

Киевте студенттер білім министрінің қызметінен кетуін талап етуде


Киевтің орталығында жүздеген студент жиналып, білім және ғылым министрі Дмитро Табачниктің қызметінен кетуін талап етті деп хабарлайды Азаттық радиосының украин қызметі.

Табачник қызметіне наурыздың 11-де кіріскен болатын. Ол бакалавр дәрежесін алу үшін талап етілетін украин тілі бойынша емтихандарды алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды. Осыған байланысты Украинаның батысындағы аймақтар мен ел астанасында наразылық шаралары болып өтті.

Биліктегі "Аймақтар партиясының" мүшесі Табачник қызметінен бас тартпайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG