Accessibility links

Сербия Балқан соғысына қатысты декларацияны әзірлеуде


Сербия парламенті Балқан соғысында құрбан болған серб азаматтарын еске алу жөніндегі жаңа декларацияны әзірлеп жатыр. Парламент спикерінің айтуынша, аталмыш декларацияда 1990 жылдарда орын алған Балқан соғыстарында сербтерге қарсы жасалған қылмыстар айыпталатын болады.

Осыдан бір күн бұрын Сербия заңшығарушылары 1995 жылы Сребреница оқиғаларында 8 мың мұсылманның өлтірілуін айыптайтын қарарды мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG