Accessibility links

Израиль ұшақтары Газа секторын атқылады


Израильдің әскери ұшақтары бүгін түнде Газа секторы аумағын бірнеше мәрте соққылады. Бұл туралы ақпарат агенттіктері куәгерлерге сілтеме жасап хабарлады.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Әуе соққыларының көбі Хан-Юнис қаласы аумағындағы нысаналарға бағытталды. Бұл ауданда өткен аптада израильдік әскер палестиналық бүлікшілермен қақтығысып қалған еді.
XS
SM
MD
LG